Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда балалар мен жеткіншектерді көбіне өз туыстары мен жақындары зорлайды

Қазақстанда балалар мен жеткіншектерді көбіне өз туыстары мен жақындары зорлайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.04.2023 17:11 Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс депутаты Нартай Сәрсенғалиев зорланған балалардың 77%-ы әкесі, өгей әкесі, көршілері немесе туыстарынан зорлық-зомбылық көргенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мәжілісте әйелдер мен балаларға қатысты зорлық-зомбылыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастыру мәселесіне арналған жиында Нартай Сәрсенғалиев статистикалық мәліметтерді келтірді.

2019 жылы Қазақстанда құқық қорғаушылар 2800 зорлаушыны, балаларды зорлаған 1350 педофилді тіркеді. 2021 жылы колонияларда 1861 педофил жазасын өтеп жатқан. Сол жылы бас бостандығынан айыру орындарындағы 50 педофил босатылды деген ақпарат тарады.

"Мәселе балаларды кім зорлайды деген сұраққа келіп тіреледі. Кім педофил болады деген сұрақтың жауабына қарасақ, зорланған балалардың 77%-ын сол үйдегі әкесі, өгей әкесі, көршілері немесе туыстары зорлаған деген мәлімет аламыз".Нартай Сәрсенғалиев

Мұнымен қалай күресу керек деген ұсыныстардың ішінде ол мектеп психологтарын, мамандарды көбейтуді, әлеуметтік мұғалімдер мәселесін реттеуді атады.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: