Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлытау облысының тұрғындары жылқыларына жарық шағылыстыратын алқа тағып жатыр

жылқы, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2023 00:12 Сурет: polisia.kz
Ұлытау облысының тұрғындары жылқыларына жарық шағылыстыратын алқа тағып жатыр, бұл малдың кесірінен болатын жол апаттарының алдын алу үшін жасалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz-тің хабарлауынша, Қызылорда – Павлодар республикалық маңызы бар жол бағытында 355 шақырымға созылған Жаңаарқа – Жезқазған тас жолының бойында көліктер жылқымен жиі соқтығысып жатады.

2022 жылы Ұлытау облысы бойынша 16 көлік, ал биыл екі көлік төрт түлік малға соқтығысқан.

"Қараңғы мезгілде малды жол маңында жаюға, қараусыз қалдыруға тыйым салынған. Алайда бұл талаптар мал иелері тарапынан тиісті деңгейде орындалмайды. Көлік жолында малдардың қараусыз жайылып, жолға шығу салдарынан болып жатқан жол-көлік оқиғалары алаңдатады. Жарық шағылыстыратын алқа тағудың маңызы зор. Ол жол апатының алдын алуда, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіз жүруіне әсерін тигізеді". Түгіскен ауылының учаскелік полиция инспекторы Жалғас Ахметжанов

Шаруа қожалық иесі Асылғазы Кенжетаев полиция қызметкерлерінің бұл бастамасын қолдап, жылқыларына осындай жарық шағылыстыратын алқа таққан.

"Қазір міне, түнгі мезгілде жылқыға көліктің жарығын түсіріп, тағылған алқалардың сынап жатырмыз. Нәтиже жаман емес, жылқы мойындағы жарық шағылыстырғыш алқа алыстан жарқырап көрінеді. Асылғазы Кенжетаев

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: