Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында елдімекеннің дәл іргесінен ондаған киіктің өлексесі табылды
Сурет: wikimedia
Ұлытау облысының Жаңаарқа ауданында елдімекеннің дәл іргесінен ондаған киіктің өлексесі табылды. Бұл туралы тұрғындар әлеуметтік желіде бейне жариялады.
Осыдан кейін ол жерге «Охотзоопром» мекемесі қызметкерлері барып, зерттеу жұмыстарын бастады. Ашатұяқтылардың нақты неден өлгені сараптамадан соң белгілі болады.
Табиғат инспекторларының алдын ала болжамы бойынша дала жануарлары күйінің төмен болуынан қырылуы мүмкін, деп жазады qazaqstan.tv.
Себебі, биыл арқада қыс қатты болды. Күн райы бірден суытқанда киіктердің миграциясы бұзылды. Салдарынан 5 мыңнан астам ақбөкен Бетпақдалаға өте алмай, Жаңаарқада мекендеп қалған болатын.
"Сол киіктерге ешқандай механикалық зақым келмеген жағдайда, скотомогильникке өртеу тәсілімен жойылады. Егер де атылу фактсімен өлген жағдайда, не болмаса өлген өлекселердің аталықтарының мүйіздері кесілген болса, онда полиция қызметкерлері шақырылып қылмыстық іс болып тіркеледі." Закария Тұралиев, облыстық Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының басшысы
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript