БҚО-да киіктің өлексесі табылды

Сайгак, сайгаки, сайга, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.04.2025 09:13 Фото: wikimedia
Батыс Қазақстан облысы Бөкей ордасы ауданына қарасты Мұратсай су қоймасынан 30 киіктің өлексесі табылды. Қыстан әлсіреп шыққан ақбөкендер терең судан өте алмай, батып кеткен.

Орман және жануарлар дүниесін қорғау инспекциясының мамандары мен резерват қызметкерлері барып, акт толтырып, өлекселер көмілді.

Бөкендердің аурудан өлмегені, атылмағаны анықталды. Жалпы, жыл басынан бері 290 бас киік жойылған, деп жазады qazaqstan.tv.

Былтырғы ресми дерек бойынша, облыста 2 млн 300 мың киік бар. Осы айдың ортасында санақ жүргізіледі.

"25 еркек, бесеуі ұрғашы. Дер кезінде өзінің алгоритмі бойынша судан шығарылды. Шұңқырға көміліп, жойылды. Табиғи өлім деп есептейміз. Ауызсуға пайдаланбайды, бірақ ол суды мал ішеді. Сондықтан санэпид мамандарына зерттеуге тиісті заттар жаздық. Нәтижесі қандай болатынын кейін айтамыз." Нұрлан Рақымжанов, облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесін қорғау аумақтық инспекциясының басшысы

Ал Атырау облысы Құрманғазы ауданында да 40-тан астам киіктің өлексесі табылды. Сынаманың қорытындысы бойынша жануарлардан қоршаған ортаға зиян келетіндей қатерлі ештеңе табылмаған. Өлекселері жойылды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: