Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында полицияға тұрғындар 50-ге тарта қару тапсырды

қару, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.04.2023 13:22 Сурет: Түркістан облысы полиция департементі
Түркістан облысында 10 сәуірден бастап атыс қаруы мен жарылғыш заттарды қолдана отырып жасалатын қылмыстар, құқық бұзушылықтардың алдын алу, тұрғындарда заңсыз сақталудағы атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу акция өткізіліп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Акцияның 8 тәулігінде Түркістан облысының тәртіп сақшыларына 36 тұрғын келіп, өз еріктерімен 49 дана отты атыс қару тапсырған.

Оның ішінде 43-і тегіс ұңғылы аңшы мылтығы болса, алтауы ойық кіші калибрлі мылтық пен 700-ден астам түрлі оқтар. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

Қазіргі уақытта мылтықтар сараптамаға жіберілді, нәтижесінде азаматқа ақшалай қаражат төлеу туралы шешім қабылданады.

"Қару-жарақ заттарын өз еркімен тапсырғаны үшін мемлекет қарудың әрқайсысы үшін тиісті төлемін жасайды. Бүгінгі таңда өз еріктерімен қаруларын полицейлерге тапсыратындар саны артып келеді. Сондай-ақ тұрғындарға ескертеміз, қаруды заңсыз сақтағаны үшін кез-келген азамат заң аясында жауапкершілікке тартылады. Сондықтан қару сақтаудың, оны пайдаланудың жауапкершілігін сезініп, өз еріктеріңізбен тапсырсаңыздар жауапкершілікке тартылмайсыздар".Түркістан облысы полиция департаментін әкімшілік полиция басқармасының бастығы полиция полковнигі Алмасхан Тастанбеков
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: