Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында қаруды өз еркімен тапсырған азаматтарға шамамен 7 миллион теңге төленді

Полицейские, сотрудники полиции, полиция, патрульная полиция, машина полиции, полицейская машина, патруль, наручники, оружие, задержание, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.09.2024 13:22 Фото: Zakon.kz
Түркістан облысында қару-жарақпен жасалатын құқық бұзушылықтар мен қылмыстардың алдын алу мақсатында тұрғындардан заңсыз сақталған атыс қаруын, оқ-дәрілер мен жарылғыш заттарды сатып алу бойынша акция өткізіліп жатыр.

Бүгінгі таңда 90 азамат полиция органдарына 105 бірлік тіркелмеген қару, оның ішінде 94 бірлік тегіс ұңғылы қаруды өз еркімен тапсырды.

Қаруды ерікті түрде тапсырғаны үшін оның түріне және техникалық жағдайына байланысты сыйақы қарастырылған.

Сонымен қатар ішкі істер органдарына заңсыз сақталған және тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсырған 69 азаматқа 7 миллион теңге төленді.

Тіркелмеген атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды өз еркімен тапсырған адамдар қылмыстық және әкімшілік жауапкершіліктен босатылатынын хабарлаймыз.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: