Жаңалықтар тізбегі
0

"Арселор Миталл Теміртаудың" заңгерін өлтірген күдікті іздестіріліп жатыр

заңгер, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2023 00:33 Сурет: видео скрині
Қарағанды облысында "Арселор Миталл Теміртау" компаниясының заңгерін өлтірген күдікті іздестіріліп жатыр. Ол 54 жастағы Ирина Эмді пышақтап, қылмысын жасыру үшін пәтерін өртеп кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.


"Пәтерден алып шыққанда көрдім, түрі аппақ қудай болып кеткен. Үсті-басы қара күйе, үйінің ішінен қара түтін бұрқырып шығып тұрды. Өте жақсы адам еді. Қолынан келген көмегін аямайтын". Марқұмның көршісі Галина Иванова

Марқұмның пәтері түтіндеп жатқанын көршілері көріп, дереу өрт сөндірушілерді шақырған. Құтқарушылар тұрғындарды түгел далаға шығарыпты. Сөйтсе, бөлмедегі төсек өртеніпті. Үй иесінің өзі алты жерінен пышақталған.

Көршілерінің айтуынша, ол күйеуі өлгелі бірнеше жылдан бері пәтерде жалғыз тұрып келген. 2008 жылдан бері "Арселор Миттал Теміртау" компаниясының заңгері болған. Әріптестері марқұмды өз ісін жетік меңгерген білікті маман еді дейді. Заңгердің өлімі кәсіби қызметіне қатысты болуы мүмкін деген де болжам бар. Оны тәртіп сақшылары анықтап жатыр.

"Шахтинск қаласында пәтерде болған өрттен кейін денесінде зорлық- зомбылық белгілері бар азаматшаның мәйіті табылу фактсі бойынша ҚР ҚК 99-бабы 1-тармағы, яғни адам өлтіру дерегіне сәйкес қылмыстық іс тіркелді. Қазір полиция қызметкерлері күдіктіні анықтау және қылмысты ашу бойынша кешенді іс-шаралар жүргізіп жатыр".Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Бақытжан Құдияров
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: