Жаңалықтар тізбегі
0

Бағдат Мусин: Бірінші мақсатымыз ауылдарда байланыс инфрақұрылымын құру

Бағдат Мусин: Бірінші мақсатымыз ауылдарда байланыс инфрақұрылымын құру, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2023 10:41 Сурет: primeminister.kz
Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин 25 сәуірдегі үкімет отырысында ауылдарды интернетпен қамту туралы министрлік жоспарын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Біздің бірінші мақсатымыз ауылдарда байланыс инфрақұрылымын құру. Сіздің қолдауыңызбен ОПТИКАЛЫҚ ЖЕЛІЛЕР арқылы Интернетпен қамтамасыз етуді және ауылдардағы үйлерге жеткізуді жоспарлап отырмыз. Жалпы 3 000-нан астам ауылды қамтуды, 60 мың км оптикалық инфрақұрылымды салуды көздейміз". Бағдат Мусин

Министр сөзінше, бұрын тек әкімшілік ғимараттар, соның ішінде мектептер, ауруханалар мен әкімдіктерге желілерді тартып, ол ауылдарда интернет бар деген мәлеметті операторлардан алатын. Ал нақты үйлер мен тұтынушылар операторлардың коммерциялық мүдделерінің болмауына байланысты байланыссыз қалды.

"Осыған байланысты, Дүниежүзілік банкпен бірлесіп біз «соңғы мильді» жеткізу үшін арнайы гранттарды, шағын және орта операторларды субсидиялауды көздеп отырмыз. 2020 жылы 1200 ауылға оптикалық желі жеткізілген болатын. Бірақ, әр үйге дейін оптиканы жеткізу дұрыс қолға алынбаған. Біз сол ауылдардағы 300 мың үйді Интернетке қосамыз. Одан басқа оптиканы тарту мүмкіндігі жоқ 500 ауыл қалып отыр, оларға спутниктер арқылы Интернет жеткізіледі. Сондай-ақ 134 ауылда спутниктік трансмиссияны жерүсті трансмиссиясына (РРЖ) ауыстыру жоспарланып отыр", - деді министр.

Министрлік бұл бастамалар қалалық және ауылдық елді мекендер арасындағы Интернетке қолжетімділік алшақтығын қысқартуға, ақпараттың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді деп есептейді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: