Жаңалықтар тізбегі
0

Шіркейге таланған Түркістан облысының тұрғындары дабыл қақты: Қып-қызыл шиқандай болдық

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.04.2023 21:57 Сурет: видеодан алынды
Түркістан облысындағы Арыс пен Отырар аудандарында шіркей қаптап, адамдар даладан шығудан қалған. Әсіресе Көксарай су реттегіші мен Сырдария өзеніне жақын орналасқан елдімекен тұрғындары жәндікке қатты таланып жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

Зиянкестің көптігі соншалық, қара бұлттай төнетін шабуылынан жас төлдер тырп ете алмай, өліп жатыр. Қыстан көтерем шыққан ірі қаралар арам қатуда. Қысқасы, зиянды шіркейдің жолына ештеңе бөгет болмай тұр. Ал ауыл тұрғындары шіркейден қорғану үшін мынадай тор бас киімдерді бастарынан тастамайтын болған. Сәуір басталғалы көрген күніміз осы дейді. Тіпті күндіз көшеге шығудан қалғандарын айтады, деп хабарлайды Astana.tv.

"ГЭС пайда болғалы шіркеймен алысып келе жатырмыз. Далаға шығып, рахаттанып тірлік істей алмаймыз. Қазір күн ысып келе жатыр. Далаға тамақ істеуіміз керек, нан жабуымыз керек". Көксарай ауылының тұрғыны Мөлдір Қасымбек


"Кішкентай немерелерімізге есікті құлыптап отыратын болдық. Іштен адам шыға алмайды далада, шықса баланың бәрі қып-қызыл жара басып кетеді. Сиыр сауып болғанша кәдімгі шиқан боламыз қып-қызыл. Аллергия деген өте қиын боп жатыр". Көксарай ауылының тұрғыны Жанат Нәденова

Гүлжазира Зұлпыхарованың денесінде жара қаптаған. Былтыр зиянкеске таланған, енді оған ем таба алмай жүр.


"Қолым, міне 6-7 айдан бері әлі жазылған жоқ. Түгел бүкіл тамырларымызға дейін тесіліп жатыр. Бармаған тәуібіміз қалған жоқ, бармаған дәрігеріміз қалған жоқ. Сол шаққаннан ғой. Сол улысы шағады екен, осындай боп қалады екен". Көксарай ауылының тұрғыны Гүлжан Зұлпыхарова

Шіркей адамдарға ғана емес, үй жануарларына да орасан зиян келтіріп жатыр. Тұрғындардың айтуынша, былтыр шіркейге қарсы күрес шаралары жүргізілмеген. Дәрілеу жұмыстары енді ғана басталыпты.


"Тендер жарияланып, өскенге деуір енді дәрі бөлген кезде олар уже ұшып, адамды шағып қойып жатыр да. Кешігіп жатыр, ол менің пікірім. Дәрілеп жатыр. Бірақ ол уже ұшып кеткеннен кейін ол безполезно. Оны біртіндеп ұстап, мұрнына дәрі сеппесең жеткізбейді". Көксарай ауылының тұрғыны Хайролла Аймұрзаев

Түркістан облысында биыл алты ауданда тиісті жұмыстар жүргізілуде. Бір апта ғана кешіктірілді дейді жауаптылар.

"Отырар ауданында алдын ала белгіленген 8 елдімекенде залалсыздандыру жұмыстары жүргізілді. Оған қосымша тағы бес ауыл округі белгіленіп, сәуір айының аяғына дейін залалсыздандыру жүргізіледі. Енді шіркейге әсері міндетті түрде болады. Себебі, ол ошақтары залалсыздандырылып жатыр". Отырар аудандық ТҮКШ бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Жарасов

Алайда, соңғы 10 жылда көзі жойылмаған шіркейден түбегейлі құтыламыз дегенге отырарлықтар сене алмай отыр. Өйткені қара күзде тағы бас көтеретінін айтады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: