Жаңалықтар тізбегі
0

Май шам жаққан: Ақтөбе облысында тұрғын үйден өрт шықты

Ақтөбе облысы, өрт, май шам, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.04.2023 09:38 Сурет: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі
2023 жылғы 25 сәуір күні кешке таман 112 пультіне Ақтөбе облысы Темір ауданының Шұбарқұдық кентінде екі қабатты тұрғын үйде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті, деп мәлімдейді Zakon.kz.

Ақтөбе облысы төтенше жағдайлар департаментінің хабарлауынша, құтқарушылар көршілес пәтерден сегіз адамды құтқарған, оның ішінде бір бала болған. Зардап шеккендер жоқ.

Өрт сөндірушілер келген кезде тұрғын үйдің қонақ бөлмесі өртеніп жатқан.

"Өртті сөндіруге жеке құрамнан 5 құтқарушы мен өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 18:28-да сөндірілді. Өртің алаңы 20 шаршы метрді құрады. Өрттің шығу себебі – үй иелері май шам жағып, қараусыз қалдырған".Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақтөбе олысы ТЖД өрт қауіпсіздігінің мына қарапайым ережелерін сақтауға шақырды:

  • Сөндірілмеген темекі мен сіріңке қалдырмаңыз, электр сымдары мен құрылғыларының дұрыстығын қадағалаңыз.
  • Бір желіге бірнеше электр аспаптарын қосуға жол бермеңіз және қолдан жасалған электр жылыту аспаптарын пайдаланбаңыз.
  • Тек жарамды пештерді, газ және электр құралдарын пайдаланыңыз, мұржаларды күйеден уақтылы тазалап отырыңыз.
  • Төтенше жағдайлар туындаған кезде 112 бірыңғай құтқару телефонына қоңырау шалу қажет.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: