Англияда бастауыш мектептер жабылып жатыр
Сурет: pixabay
Англияда бастауыш мектептер жабылып жатыр. Енді бірі басқа білім ошақтарымен бірігуге мәжбүр. Бұған елдегі туу көрсеткішінің 17 пайызға төмендеуі себеп.
Сонымен қатар пандемия мен Брексит те кері әсерін тигізді. Ұлыбритания Еуро Одақ құрамынан шыққаннан кейін оған мүше елдердің азаматтары туған жерлеріне кетіп қалып, мектепке баратын бала саны азайған.
Әсіресе, Лондондағы жағдай қиын. Манчестер, Бристоль және Лидс қалаларындағы кейбір бастауыш мектептер де жұмысын тоқтатқан, деп жазады qazaqstan.tv.
Сарапшылар бірнеше жылдың ішінде бұл мәселе 6-шы сыныптан бастап білім беретін орта мектептер үшін де өзекті болады дейді.
"Барлығы да қаржыландыруға келіп тіреледі. Оқушы аз болса, мектепті ұстап отыру үлкен шығын. Сондықтан жабуға тура келеді." Аннтуанетта Брэмбл, Хакни ауданы мэрінің орынбасары
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript