Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша салынған екі үй апатты деп танылды

апатты үй, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2023 01:22 Сурет: видео скрині
Ақтөбеде мемлекеттік "Нұрлы жер" бағдарламасы бойынша салынған қос үй апатты деп танылды. Ондағы 48 отбасы өзге пәтерлерге көшірілді. Ал іргетасы үгітіліп, қабырғасы қақырап тұрған ғимаратты сарапшылар жөндеуге болады деп шешкен, деп хабарлайды Zakon.kz.

КТК телеарнасының хабарлауынша, Есет батыр тұрғын үй алабындағы көпқабатты үйлер 3 жыл бұрын салынған. Бұл үшін бюджеттен 400 миллион теңге бөлінген. Алайда қабырғалары жарылып, жертөленің бетон бағаналары ажырап кеткен, тіпті кей жерінің кірпіші құлап жатыр.

Бұған қоса, іргетасы отырып, үгітіліп кеткен. Апатты үйдің тұрғындары өзге жерге көшірілгенімен, кейін қайта қайтып келеді деп отыр. Өйткені ғимаратты тексерген сарапшылар күрделі жөндеуден соң бұл үйде тұруға болады деген шешім шығарған.

"Тексеру кезінде үйдің апаттық жағдайда екені анықталды. Ол құрылысқа пайдаланған бетонның сапасына қатысты болып отыр. Сараптамада бетон құрамына арзан материалдар пайдаланып, қалай болса солай жасаған болуы мүмкін екендігі айтылады. Енді үйдің іргетасын берік қылу үшін компанияларды тартып жатырмыз".Ақтөбе тұрғын үй инспекциясы бөлімінің жетекшісі Руслан Әжниязов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: