Жаңалықтар тізбегі
0

Германиялық әйел соғыста көз жазып қалған сіңлісін Қазақстаннан іздеп жүр

Соғыста сіңлісін жоғалтқан әйел Қазақстанда бауырымен қауышуды армандайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2023 01:54 Сурет: otyrar
Жамбыл облысы Қаратау қаласының тұрғыны Бейбіт Өтелбаев 82 жасында дүниеден өткен анасының соңғы аманатын орындап, соғыс кезінде көз жазып қалған сіңлісі Лиля Кесманды тапқысы келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Болжамдары бойынша, Лиля Кесман бүгінде 80-82 жаста. Тұрмысқа шығып тегін де ауыстыруы әбден мүмкін.

"Менің анам өзі неміс ұлтынан, Украинда туып-өскен. 1941 жылы соғыс басталған кезде репрессияға ұшырап, Қазақстанға - Жамбыл облысы Жуалы ауданына келген. Бір отбасында 3 қыз, бір ұл болған". Жамбыл облысының тұрғыны Бейбіт Өтелбаев

Бейбіттің Өтелбаевтың марқұм анасының үлкен әпкесі Неля 96 жаста. Ол Қазақстаннан 1997 жылы қоныс аударған, қазір Германияда тұрады. Оның арманы - соғыс кезінде бір-бірінен көз жазып қалған сіңлісі Лиляны құшағына басу. Бұл туралы otyrar.kz хабарлады.

"Біз 4 бала болатынбыз. Үлкені мен едім. 1928 жылғымын, сіңлім Гертруда 1936 жылғы, інім 1938 жылғы, ең кенжеміз Лиля 1940 жылы маусымда туған. Біз  Қырымнан Қазақстанға 1941 жылы келдік. "Төңкеріс" совхозында тұрдық. Киіміміз жоқ, ашпыз. Осындағы адамдар бізді өз қамқорлықтарына алды. 1942 жылы әкемізді әскерге алып кетті. 1943 жылы ақпанда қара қағаз келді. Анамыз да көп ұзамай қайтыс болды. Жетім қалған бізді совхоздағы адамдар алды. Сіңлімді балалары жоқ отбасы бағып алды. Қанша өмірім қалды. Лиляны тапсам, басқа арман жоқ менде". Неля Кесман
соғыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.04.2023 01:54

Сурет: otyrar.kz

Өтелбаевтар отбасы апасы Лиля Кесанды Астанадан, Бурабайдан, Жамбыл және Түркістан облысынан іздеп жатыр. ІІМ көші-қон қызметінен бастап барлық архив, әлеуметтік орталық, қарттар үйіне хат жолдаған.

"Барлық жерге  сұраныс хат жібердік, нәтиже болмады. 1957 жылы балалар үйінен  Шымкенттегі "Эластик" шұлық фабрикасына жұмысқа орналасқан деген анықтама бар. Апамыздың бір белгісі бар екен: аяғындағы соңғы екі саусағы қосылған". Жамбыл облысының тұрғыны Бейбіт Өтелбаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: