Жаңалықтар тізбегі
0

Қызылорда облысында толғағы қысқан әйел мінген көлік перзентханаға жетпей бұзылып қалған

Полиция, толғағы қысқан әйел Сурет: polisia.kz
Жүкті әйел Жаңақорған ауданынан облыс орталығына келе жатқан. Көлік Белкөл кентінің аумағында бұзылып қалған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұзылып тұрған көлікті Қызылорда полиция басқармасының қызметкерлері байқаған.

Polisia.kz хабарына қарағанда, полицейлер мән-жайды сұрастырып, олардың Жаңақорған ауданынан келе жатқанын біледі. Ал көлік жүргізушісі автокөлікте жүкті әйелдің толғағы басталып, оны шұғыл түрде ауруханаға жеткізу керегін айтады.

Оқиғаның мән-жайын естіген патрульдік полиция батальонының қызметкерлері  Самат Шорағазиев, Сағындық Мырзахожаев, Нұрболат Амандық "103"-ке хабарласып, жедел жәрдемнің шұғыл түрде келуін және Ана мен бала орталығына кедергісіз жетуін қамтамасыз еткен.

Әйел егіз сәбиді күтіп жүрген. Ол балаларын аман-есен босанған.  

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз