20 бала мінген автобус бұзылып, Астана - Павлодар тас жолы бойында қалып кеткен
Сурет: pexels
18 қарашада 20 спортшы бала мінген автобус бұзылып, Астана - Павлодар тас жолында қалып кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
18 қарашада сағат 20:15 шамасында Астана-Павлодар республикалық тасжолын патрульдеу барысында ҚазАвтоЖол қызметкерлері жолдың шетінде бұзылып тұрған автобусты байқады, делінген хабарламада.
Жүргізуші Астанада спорттық турнирге қатысқан 20 баланы қайта Өскеменге апара жатқан.
Жолшылар көлік жүргізушісіне көмек көрсетіп, оны ең жақын техникалық қызмет көрсету станциясына апарды. Онда олар автобустың істен шыққан қосалқы бөлшегін жөндеді. Балалар болса жолшылардың бақылауында болды. Автобуста автономды жылыту жүйесі жұмыс істеп тұрды.
Жөнделген көлік жүргізушісі жолын жалғастырды. Жүргізуші жолаушыларға көрсеткен көмегі үшін алғыс айтты.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript