Ақмола облысында шетелдіктер мінген автобус бұзылып қалды
Сурет: polisia.kz
Ақмола облысында полицейлер автобус бұзылып, тасжолда қалған шетелдіктерді құтқарды. 14 қаңтарға қараған түні Астана-Петропавл республикалық автожолында Ресейдің Сургут қаласынан келе жатқан рейстік автобустың ауа құбыры жарылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Көліктердің қозғалысы үшін жабық жолда жүргізуші мен 65 жолаушы қалды, оның ішінде 10 жастағы бала мен 14 әйел. Олар - Тәжікстан азаматтары.
Шетелдіктерге көмекке аға лейтенанттар Азамат Тулегенов пен Нұрсұлтан Сағандықовтың құрамындағы "Бақай" патрульдік полиция ротасының экипажы келді. Олар оқиға туралы ТЖ құрылымына және жергілікті атқарушы органдарға хабарлады. Полицейлер автобусты қарап, бұзылу себебін тез анықтады.
Тәртіп сақшылары жүргізушілермен бірге сол жерде ақауларды жөндеп, автобусты Ақкөл қаласындағы ең жақын жылыту пунктіне дейін алып жүрді.
Мұнда шетелдік азаматтар жолдың ресми ашылуына және қозғалыстың қайта басталуына дейін болады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript