Ақтөбе облысында шетел азаматтары мінген автобус тас жолда бұзылып қалды

Ақтөбе облысында шетел азаматтары мінген автобус тас жолда бұзылып қалды , сурет - Zakon.kz жаңалық 23.07.2026 09:26 Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
Ақтөбе облысында Әйтеке би ауданында республикалық маңызы бар автожолда құтқарушылар "Шымкент – Пермь" бағыты бойынша қатынаған автобустың жолаушыларын жедел эвакуациялады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ақтөбе облысында құтқарушылар техникалық ақауға ұшыраған автобустан 90 жолаушыны эвакуациялады

Көлік құралының техникалық ақауына байланысты 90 адам, оның ішінде 46 бала қауіпсіз жерге көшірілді. Жолаушылар арасында Тәжікстан Республикасы, Өзбекстан Республикасы және Ресей Федерациясының азаматтары болды.

Авариялық-құтқару жұмыстарына Төтенше жағдайлар департаментінің күштері мен құралдары, сондай-ақ "Қарабұтақ" трассалық медициналық-құтқару пунктінің қызметкерлері жұмылдырылды.

Зардап шеккендер жоқ. Автобус жолаушылары кемпингке эвакуацияланып, әрі қарай жолға шығуды күткен уақыт ішінде қауіпсіз жағдайда орналастырылып, қажетті жағдайлардың барлығымен қамтамасыз етілді.

Бұған дейін Бурабайға демалуға барған бір отбасы мүшелері қайғылы жағдайға ұшырай жаздағанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: