Бас прокуратура: Күдебаев Қазақстанға қайтуды ойламаған
Сурет: ҚР ІІМ баспасөз қызметі
2023 жылғы 28 сәуірде әлеуметтік желілерде Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығы Серік Күдебаев Қазақстанға өз еркімен оралғаны туралы ақпарат тарады. Бірақ Бас прокуратура Zakon.kz басылымына бұл ақпарат жалған екенін хабарлады.
Қадағалаушы орган Серік Күдебаевты тұтқындап, елге қайтару үшін құқық қорғау және арнайы органдар шетелдік әріптестерімен бірлесе отырып, қауырт жұмыс атқарғанын атап өтті.
Бас прокуратураның мәліметінше, Интерпол күштері тартылып, Түркияның Әділет министрлігіне Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы бастығын экстрадициялау жөнінде материалдар жіберілген.
"С.М.Күдебаев елге өз бетімен оралуды ойламаған, өйткені алынған ақпарат бойынша ол ыхтиярхат сұраған", – деп атап өтті ҚР Бас прокуратурасы.
Кейін, қадағалау органның мәлімдеуінше, Серік Күдебаев Түркияда ұсталып, шетелдік әріптестерінің көмегімен Қазақстанға жеткізілген.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript