Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылды
Сурет: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылды. Бұл туралы Zakon.kz тілшісіне ҚР Бас прокуратурасынан хабарлады.
Қадағалау департаментінде анықталғандай, Алматы облысының ПД бұрынғы басшысы «ауыр зардаптарға әкеп соқтырған қызметтегі әрекетсіздік» деген күдікке ілінді.
Серік Күдебаев 2020 жылдың қаңтарынан 2022 жылдың қаңтарына дейін Алматы облысының полиция департаментінің бастығы қызметін атқарған.
2022 жылдың 18 ақпанында ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылған.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript