Жаңалықтар тізбегі
0

Парадзюдодан Қазақстан құрамасы Азия чемпионы атанды

Парадзюдодан Азия чемпионаты - 2023, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2023 14:13 Сурет: Қазақстан парадзюдо федерациясының баспасөз қызметі
Парадзюдодан Қазақстан ерлер және әйелдер құрамасы Азия чемпионатының командалық жарасында топ жарды. Айналмалы жүйе бойынша өткен бәсекеде ел құрамалары қарсылас шақ келтірмей, Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан әйелдер құрамасы финалда Өзбекстан командасын 2:3 есебімен жеңді. Альфия Тілекқабыл, Ақмарал Науатбек және Динара Кужулова құрамаға жеңіс сыйлады.

"Айта кетерлігі, Ақмарал Науатбек жекелей жарыста бүгін күрескен өзбекстандық Кумусхон Ходжаевқа есе жіберген болатын. Бүгін командалық жарыстың кездесуінде иппон ұпайымен есесін қайтарды. Ал әйелдер құрамасында Альфия Тілекқабыл (J1 -57 кг), Даяна Федосова (J2-70 кг), Зәуре Айтек (J1 +70 кг), Ақмарал Науатбек (J2 -70 кг) және Динара Кужулова (J2+70 кг) татамиге шықты". Қазақстан парадзюдо федерациясының баспасөз қызметі

Ал Өзбекстан құрамасы екінші орынға ие болса, Үндістан спортшылары үздік үштікті қорытындылады.


Парадзюдодан Азия чемпионаты - 2023, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2023 14:13

Сурет: Қазақстан парадзюдо федерациясының баспасөз қызметі


Қазақстан үшін командалық жарыстағы шешуші белдесу Өзбекстан құрамасына қарсы өтті. Парадзюдо бойынша әлемде мықты ел болып саналатын Өзбекстанды қазақстандық спортшылар 4:0 есебімен айқын басымдықпен ұтты.

Осы кездесуде ең тартысты белдесу Олжас Оразалы мен Токио Пларалимпиадасының чемпионы Феруз Саидов арасында өтті.

"Белдесу басында Феруз Саидов бірінші вазари ұпайын еншілеген. Десе де,  негізгі уақытта отандасымыз Олжас тиімді әдіс қолданып, есепті теңестіріп үлгерді. Қос балуанның күресі қосымша уақытқа (голден скор) дейін жалғасты. Қосымша уақытта Олжас Оразалыұлының Феруз Саидовқа қолданған әдісі нәтижелі шығып, Қазақстан құрамасы жеңіске жетті".Қазақстан парадзюдо федерациясының баспасөз қызметі


Парадзюдодан Азия чемпионаты - 2023, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2023 14:13

Сурет: Қазақстан парадзюдо федерациясының баспасөз қызметі


Айта кетерлігі, Феруз Саидов Токиода өткен Паралимпиада ойындарының финалында отандасымыз Дәулет Теміржанды ұтқан болатын. Бүгін Азия чемпионатында Олжас командаласы Дәулеттің есесін қайтарып үлгерді.

Осы кездесуде Ерғали Шамей, Жанбота Аманжол, Ерлан Өтепов те өз кезегінде қарсыластарынан басым түсті.

Жарыс айналмалы жүйеде өткендіктен ел құрамасы Өзбекстаннан кейін Моңғолия командасымен кездесіп, Азия чемпионатының командалық жарысында жеңімпаз атанды.

Командалық сында Қазақстан ерлер құрамасында Ерғали Шамей (J1-73 кг), Жанбота Аманжол (J2-90 кг), Ерлан Өтепов (J1+90 кг), Олжас Оразалыұлы (J2-73 кг), Абылай Әділбеков (J1-90 кг),  және Ерлан Конкиев (J2 +90 кг) ел намысын қорғады.

"Айта кетерлігі, Азия чемпионатының командалық жарысына ерлер арасында бес құрама қатысты. Айналмалы жүйе бойынша барлық команда бір-бірімен өзара күресіп шығады. Жеңімпаз командалардың жеңіс санына қарай анықталады. Өз кезегінде, Қазақстан Тайланд, Тайпей және Индонезия спортшыларынан құралған IBSA, Үндістан, Өзбекстан және Моңғолия құрамаларын ұтты. Ал Өзбекстан құрамасы екінші орынға ие болса, Моңғолия мен Үндістан спортшылары үздік үштікті қорытындылады". Қазақстан парадзюдо федерациясының баспасөз қызметі


Парадзюдодан Азия чемпионаты - 2023, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2023 14:13

Сурет: Қазақстан парадзюдо федерациясының баспасөз қызметі


Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан құрамасы Азия чемпионатының жекелей жарысында төрт алтын, төрт күміс және алты қола жүлде жеңіп алған болатын.

Азия чемпионаты Астанада Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайында өтті. Құрлықтық біріншілікке барлығы 11 ел қатысты.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: