Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында 7 үйдің ауласын және бір үйдің жертөлесін су басты

Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.04.2023 17:17 Сурет: pixabay
Жамбыл облысында Исмаил арнасын су жырып кетіп, жақын елдімекендегі үйлердің ауласын су басты. Орын алған төтенше оқиғаға байланысты арнайы комиссия құрылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жамбыл облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, 30 сәуірде таңғы сағат 5.30 шамасында Исмаил каналының 1,2 шақырымында, яғни, Жамбыл ауданы, "Дорожник" саяжайы, Горный көшесінің тұсында судың жағалауды жырып кетуі орын алды.

Каналдың шайылған жағасының ені 15 метрді, биіктігі 18 метрді құрайды. Оқиға орын алған кезде каналда 1,2 текше метр су болған. Судың 7 үйдің ауласына, 1 үйдің жертөлесіне кіргендігі анықталды.


"Қазіргі кезде су жабылып, қалпына келтіру, аулаларды тазарту жұмыстары басталып кетті. Оқиға орнында 6 мотопомпа, 10 техника, 27 адам жұмыс жасауда. 30 адам қауіпсіз жерлерге шығарылды. Арнайы комиссиямен шығындарды есептеу, төлеу жұмыстары жүргізіледі". Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі

Облыс әкімінің орынбасары Қанатбек Мәдібек оқиға орнына барып, жағдаймен танысты. Тұрғындармен әңгімелесу жүргізілуде. 

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: