Жамбыл облысындағы бірнеше ауылды су басты
Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, Т.Рысқұлов, Меркі және Шу аудандарындағы бірнеше елді мекендерінде аула аумақтарын еріген қар суы басқан. ЖАО және ТЖД күштерімен аула аумақтарынан еріген қар суын сорып шығару және бұру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Сурет: Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі
Т. Рысқұлов атындағы аудан бойынша жағдай тұрақты. 60-қа жуық адам, 6 бірлік техника және 4 мотопомпа еріген қар суын сорып шығару және бұру жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Шу ауданында да осындай жағдай, ол жерде де облыстың ЖАО және ТЖД өкілдері жұмыс істеп жатыр.
Сарысу ауданында бір аула аумағынан су айдалып жатыр, жағдай бақылауда.
Сурет: Жамбыл облысы ТЖД баспасөз қызметі
Жамбыл облысы ЖАО және ТЖД бөлімшелері су айдау жұмыстарын дер кезінде жүргізіп жатыр. Т. Рысқұлов атындағы ауданның бірқатар елді мекендеріндегі жұмыс аяқталғаннан соң, күштер мен құралдар кезекшілік атқару және қажетті жұмыстарды жүргізу үшін Жақсылық ауылына жіберілді.