Астанада балабақшадан өрт шықты

Астанада балабақшадан өрт шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 02.05.2023 16:33 Сурет: Zakon.kz
2 мамырда Астанада балабақшаның шатыры өртенді. Елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі Zakon.kz тілшісіне балалардың барлығы өрт сөндірушілер келгенге дейін шығарылғанын хабарлады.

ТЖД таратқан ақпарат бойынша, балабақша өртеніп жатыр деген хабарлама түскен соң өрт сөндіру бөлімшелері Хлудов көшесіндегі 1-үйге аттанған.


Өрт сөндірушілер жеткенде балабақшаның шатыры жанып жатқаны анықталды.

"Өрт сөндірушілер бірден адамдарды іздеуге кірісті. Әкімшіліктің айтуынша, өрт сөндірушілер келгенге дейін барлық балалар шығарылған". Астана қаласы төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

Қазір өрт сөндіріліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: