Жаңалықтар тізбегі
0

Гүлмира Сатыбалдыға үкім шықты

Гүлмира Сатыбалдыға үкім шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2023 10:13 Сурет: Zakon.kz
4 мамырда Астанада кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты үкім шықты. Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сот үкімін судья Кемеңгер Имашев оқыды.

"Сатыбалды Гүлмира Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 389-бабының 4-бөлігімен көзделген құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 6 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын. Сатыбалды Гүлмира Қылмыстық кодекстің 28-баптың 3-бөлігімен және 125-бабының 2-бөлігінің 1.8-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылсын. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 58-бабының 3-бөлігі негізінде аса ауыр емес жазаны қолдану арқылы, мүлкін тәркілеусіз 7 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. Соңында Гүлмира Сатыбалды 7 жылға бас бостандығынан айырылды", - деді Кемеңгер Имашев.

Сонымен қатар ҚР Қылмыстық кодексінің 49-бабы негізінде мемлекет басшысына мемлекеттік награда – «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс енгізу ұсынылды.

Кәсіпкер Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды 2022 жылы 16 наурызда ұсталды. Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Қазақтелеком» АҚ-ның лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану және аса ірі көлемдегі қаражатты жымқыру фактілері бойынша қылмыстық істі тергеді.

2023 жылдың 11 қаңтарында Гүлмира Сатыбалдыға адам ұрлады және озбырлық жасады деген айып тағылғаны белгілі болды. Тергеушілердің айтуынша, ол сусын шығаратын ірі компаниялардың акцияларын тартып алмақ болған. Екі кәсіпкер бизнесті рейдерлік жолмен басып алғанын хабарлады. Келтірілген шығын көлемі 6 миллиард теңгеден асады.

Басты сот отырысы 14 наурызда Астана қаласы Байқоңыр ауданының №2 сотында басталды. Айыптамалық сотта тағы екі адам отыр: Гүлмира Сатыбалдының жүргізушісі және адам ұрлау қылмысына қатысы бар болуы мүмкін деген адам. Жәбірленушілер - белгілі кәсіпкер және «Galanz bottlers» АҚ негізін қалаушы Тұрсенғали Алагузов пен «Maxi Bottlers» ЖШС бұрынғы иесі Айгүл Мекешева. Гүлмира Сатыбалды кінәсін мойындамады, тағы екі айыпталушы – озбырлық пен адам ұрлады деп айыпталған Мәди Батыршаев пен адам ұрлады деп айыпталған Рашид Өтебеков өз кінәсін жартылай мойындады.

10 сәуірде сотталушы Гүлмира Сатыбалды мен жәбірленушілердің бірі Айгүл Мекешева арасында медиациялық келісім жасалған.

Сәуірдің 21-і күні Айгүл Мекешеваның жәбірленуіне қатысты сұрақтарға жауап берген Гүлмира Сатыбалды өзіне тағылған қылмыстар бойынша өз кінәсін ішінара мойындайтынын айтты.

25 сәуірде айыптаушы Гүлмира Сатыбалданы мүлкін тәркілеусіз 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: