Жаңалықтар тізбегі
0

Адам ұрлады деп айыпталған Гүлмира Сатыбалды кінәсін мойындаудан бас тартты

Гүлмира Сатыбалды, адам ұрлығы, ҚР Қылмыстық кодексі, сот, сурет - Zakon.kz жаңалық 14.03.2023 13:39 Сурет: Zakon.kz
Астанада 14 наурыз күні олигарх Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалдыға қатысты сот отырысы өтті. Гүлмира Сатыбалды кінәсін толық мойындамайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Гүлмира Сатабылдыға мына қылмыстар бойынша айып тағылды:

  • ҚР Қылмыстық кодексінің 389-бабының 3-бөлігі (Күш қолданумен немесе оны қолдану қатерін төндірумен не адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен  азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтарына немесе заңды мүдделерiне не қоғамның немесе мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiне елеулi зиян келтiрген өзінше билік ету);
  • ҚР Қылмыстық кодексінің 125-бабының 2-бөлігінің 1, 8-тармақтары (Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен және пайдакүнемдiк ниетпен жасалған адам ұрлығы);
  • ҚР Қылмыстық кодексінің 28-бабының 3-бөлігі (Қылмыстық топ құру).

Тағы екі айыпталушы – озбырлық пен адам ұрлады деп айыпталған Мәди Батыршаев пен адам ұрлады деп айыпталған Рашид Өтебеков кінәсін жартылай мойындады.

Олигарх Қайрат Сатыбалдының бұрынғы әйелі Гүлмира Сатыбалды адам ұрлады және озбырлық жасады деп айыпталуда. Екі кәсіпкер бизнесті рейдерлік жолмен басып алғанын хабарлады. Келтірілген шығын көлемі 6 миллиард теңгеден асады.

Ол 16 наурызда ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: