Жаңалықтар тізбегі
0

Алматы облысының тұрғыны үйінде арыстанның екі абданын заңсыз асыраған

Алматы облысы, арыстан, абдан, полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2023 11:21 Сурет: pixabay
Алматы облысының тұрғынының үйінен арыстанның 5 айлық екі абданы табылып, тәркіленді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік полиция депатраменті өкілдерінің мәлімдеуінше, 4 мамыр жедел-іздестіру іс-шараларын өткізу кезінде ПД ҰҚҚКБ қызметкерлері сирек кездесетін жануарларды, атап айтқанда арыстанның 5 айлық екі күшігін заңсыз ұстаған 2001 жылғы азаматты әшкереледі.

"Бұл дерек ҚР ҚК 339-бабының 1-бөлігінде (Өсiмдiктердің немесе жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған түрлерімен, олардың бөліктерімен немесе дериваттарымен заңсыз айналысу) көзделген қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бойынша Қарасай ауданының полициясында тіркелді".Алматы облысы полиция департаментінің бастығы, полиция полковнигі Бауыржан Аленов

Полиция қызметкерлері тексеруден кейін экзотикалық жануарларды тәркіледі.

"Бұл дерек бойынша қылмыстық істі тергеудің толықтығы мен жан-жақтылығын қамтамасыз етуге бағытталған барлық қажет тергеу әрекеті жүргізіліп жатыр", – дейді полиция қызметкерлері.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: