Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстан қай елдермен визасыз режим туралы келіссөз жүргізіп жатыр

Қазақстан қай елдермен визасыз режим туралы келіссөз жүргізіп жатыр, сурет - Zakon.kz жаңалық 04.05.2023 11:40 Сурет: Zakon.kz
Қазақстан 26 елмен өзара визасыз режим енгізу туралы келіссөздер жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің хабарлауынша, визасыз режим туралы келіссөз жүргізіп жатқан елдер қатарында Австрия, Сауд Арабиясы, Сан-Марино, Бахрейн және тағы басқалары бар.

"Сонымен қатар азаматтары Қазақстанға электронды виза алуға өтініш бере алатын елдердің тізімін кеңейту, шақыру талабын алып тастау мәселелері де қарастырылып жатыр".ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

Сонымен қатар БАӘ тұрғындарына жеңілдетілген виза беру мәселесі талқыланып жатыр.

"Қазақстан шетелдік саяхатшылар үшін қызық және министрлік еліміздің туристік әлеуетін толық ашуға, соның ішінде келетін туристер ағынын арттыру үшін жұмыс істеп жатыр. Оның үстіне министрлік қазірдің өзінде көші-қонды бақылауды жақсарту тетіктерін енгізеді. Мысалы, eQonaq ақпараттық жүйе".ҚР МЖСМ ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиева

Қазақстан тағы 26 елге визасыз режим енгізетіні 2022 жылдың 28 қыркүйегінде белгілі болды.

Бұған дейін бірқатар БАҚ Қытай мен Қазақстан арасында 30 күндік визасыз режим орнатылатынын жазған еді. Алайда, 2023 жылдың 17 сәуірінде ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров құжаттың әлі де талқылану үстінде екенін мәлімдеді.

2 мамырда Айбек Смадияров Қазақстан мен Қытай арасындағы визасыз режимнің артықшылықтары туралы айтты. Оның айтуынша, 2023 жылдың мамыр айында Сиань қаласында өтетін Орталық Азия-Қытай саммиті аясында 30 күнге дейін өзара визасыз режим туралы келісімге қол қойылады деп жоспарланып отыр


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: