Қызылордада жасөспірім тізгіндеген көлік апатқа ұшырады: бір адам мерт болып, үшеуі зардап шекті
Сурет: polisia.kz
Қызылорда облысында 17 жастағы бозбала қайғылы жағдайға ұрындырған жол апатына түрткі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
4 мамырда Шиелі ауданында Toyota көлігін тізгіндеген 17 жастағы бозбала рөлге ие бола алмай, жол апатына жол берді.
"Жол апаты салдарынан бір жолаушы көз жұмып, жүргізушімен бірге үш адам жарақат алды", делінген хабарламада.
ҚР ҚК-нің 345-бабының 3-бөлігімен сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр. Тиісті сот сараптамалары тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript