Жетісу облысында жол талғамайтын көлік төрт жылқыға соғылып, талқаны шықты

Жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2023 18:10 Сурет: Telegram/POLISIA.KZ
Жетісу облысында жол үстіндегі қараусыз жылқылар жол апатына түрткі болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

12 наурызда Алматы-Өскемен тас жолының 196 шақырымында 46 жастағы ер адам тізгіндеген JAC S3 жол талғамайтын көлігі төрт атты қағып кеткен.

Жол апаты салдарынан 45 жастағы жолаушы әйел зардап шегіп, түрлі дене жарақаттарымен Көксу аудандық ауруханасына жатқызылды.


Сурет: Telegram/POLISIA.KZ


"Сотқа дейінгі тергеу амалдары қолға алынды. Полиция қызметкерлері жол бойында қараусыз жүрген жылқылардың иесін анықтап жатыр", - дейді полициядағылар.
Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: