Жетісу облысында жол апаты болып, бір адам қаза тапты

Жетісу облысы, жол апаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.10.2022 13:53 Сурет: Telegram/POLICE_of_KZ
Жетісу облысында 31 қазанға қараған түні Тельман – Қалпе тас жолының 8 шақырымында Mazda Cronos көлігінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Жол апатынан жүргізуші оқиға орнында көз жұмды, тағы екі жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Polisia.kz telegram арнасында жарияланған мәліметке қарағанда, 31 жастағы көлік жүргізушісі тізгінге ие бола алмай, көлік аударылған. Ол оқиға орнында көз жұмды.

Сурет: Telegram/POLICE_of_KZ

Сондай-ақ жол апатынан екі жолаушы зардап шеккені хабарланды. Олар түрлі жарақаттармен Үштөбедегі ауруханаға жеткізілді.

Ведомство өкілдері бұл жағдай бойынша қазір тергеу жүріп жатқанын мәлімдеді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: