Жетісу облысында есектің кесірінен жол апаты болып, жүргізуші қаза тапты

Жол-көлік оқиғасы 6 қазан күні кешке "Батыс Қытай – Батыс Еуропа" тас жолының 275-шақырымында болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ведомство өкіледрінің мәлімдеуінше, тас жолда келе жатқан Audi A-4 көлігі жолға шығып кеткен есекке соғылған.
21 жастағы жүргізуші оқиға орнында көз жұмды. Сондай-ақ екі адам ауруханаға жеткізілді.ЖПҚБ ППБ қызметінің инспекторы Бауыржан Бейсебаев
Тергеу ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-бөлігі ("Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы") бойынша жүргізіліп жатыр.
Жануардың иесі әлі анықталған жоқ.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript