Жаңалықтар тізбегі
0

Түркістан облысында жылқыны қаққан көліктегі екі адам ауруханаға түсті

Жол апаты Сурет: Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі
Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі “Батыс Қытай – Батыс Еуропа” тас жолының 611-ші шақырымында үш жылқыны қаққан, деп хабарлайды Zakon.kz.

13 тамызда түнгі уақытта Түлкібас аудандық полиция бөліміне жылқыларды қағу дерегі бойынша хабарлама келіп түсті. Hyundai Elantra көлігінің жүргізушісі Түлкібас ауданына қарасты “Батыс Қытай – Батыс Еуропа” тас жолының 611-ші шақырымында үш жылқыны қағып, мерт қылған.

Оқиға орнында бірден жеткен полицейлер Түркістан қаласынан Алматыға қарай бағыт алған көліктің алдынан жолдың сол жақ бетінен бірнеше жылқы атып шығып, жол апаты орын алғанын анықтады. Салдарынан көлік жүргізушісі мен бір жолаушы түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді. Түркістан облыстық ПД баспасөз қызметі

Жалпы көлік ішінде төрт адам болған, оның бірі - кәмелет жасына толмаған бала.

Үш жылқы тіл тартпай кеткен.

Адам шығыны жоқ, тек көлікке материалдық залал келген. Қазіргі таңда сот-медициналық сараптама тағайындалып, мал иелері іздестіріліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: