Жамбылда автобус апатқа ұшырады. Екі адам қаза тапты, зардап шеккендер көп
Сурет: Жамбыл облыстық ПД баспасөз қызметі
Батыс Еуропа - Батыс Қытай халықаралық маңыздағы тас жол бойында ауыр жол апаты орын алды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Алдын ала мәліметтер бойынша, қолайсыз ауа райына байланысты (жаңбыр мен бұршақ) рейстегі автобустың жүргізушісі рөлге ие бола алмай, өзімен бірдей бағытта келе жатқан трактордың тіркемесіне соқтығысқан. Жамбыл облысы ПД баспасөз қызметі
Жол-көлік оқиғасы салдарынан автобус жүргізушісінің көмекшісі мен бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды, дәрігерлер көмегіне 33 адам жүгінді, олардың үшеуі жан сақтау бөлімінде жатыр.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігі "Көлік тізгініндегі адамның жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзу салдарынан абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеліп соғуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Сараптамалар тағайындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript