Ақмола облысында төрт адам қаза тапқан жол апатына қатысты сот үкімі шықты

Сот үкімі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2022 20:14 Сурет: Zakon.kz
Бір жыл бұрын Ақмола облысында орын алған жол апатына қатысты сот үкімі енді шықты. Айыпталушы елорда тұрғыны бес жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төрт адамның өмірін жалмаған жол апаты 2021 жылы 9 тамызда Нұр-Сұлтан – Петропавл тас жолында орын алды.

Жол-көлік оқиғасы фактісіне сәйкес, полиция қызметкерлері ҚР ҚК 345-бабы, 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын қолға алды. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Қылмыстық іс материалдарына сүйенсек, республикалық трассамен Щучье қаласына бағыт алған Skoda Superb B6 көлігінің 44 жастағы жүргізушісі 179-шы шақырымда жылдамдықты қажетті шамадан асырып, көліктер арасындағы қашықтық талабын сақтамай ЗАЗ Chance-пен соқтығықан. Ол Skoda-ның алдында бір бағытта келе жатқан.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан оқиға орнында ЗАЗ-тың екі жолаушысы қаза тапты. Кейіннен ауруханада аталған көліктің жүргізушісі мен тағы бір жолаушысы көз жұмды. Тағы бір жолаушының денсаулығы орташа ауырлық жағдайында. Сонымен қатар, Skoda көлігінің екі жолаушысының денсаулығына орташа және жеңіл дәрежеде зиян келді, делінген ақпаратта.

Сот дәлелдер жиынтығын сотталушыны қылмыстық жазалауға жататын іс-әрекетті жасағаны үшін кінәлі деп тану үшін жеткілікті деп тапты. Нәтижесінде Ақмола облысы Біржан Сал ауданының соты Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны болып табылатын 44 жастағы көлік жүргізушісін қылмыс жасағаны үшін кінәлі деп танып, ең төменгі қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуді міндеттей отырып, бес жылға бас бостандығынан айырды. Ақмола облысы ПД баспасөз қызметі

Сонымен қатар, ер адам жеті жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: