Екібастұздағы кәсіпорында машинист қайтыс болды
Сурет: pavlodarnews.kz
Екібастұздағы кәсіпорында машинист қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қайғылы оқиға "Богатырь Көмір" ЖШС-інде болған.
Павлодар облыстық еңбек басқармасының мәліметінше, 3 мамырда өндіріс жұмыстары кезінде 1990 жылы туған машинист қайтыс болған. Бұл туралы pavlodarnews.kz хабарлады.
Басқармаға кәсіпорыннан хабарлама түскен. Өлім туралы куәлікті алғаннан кейін тергеу жүргізу басталады.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript