Журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды

Журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.05.2025 20:45 Сурет: gov.kz
Қазақстандық журналист Диас Ахметшәріп қайтыс болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қаралы хабарды Qazsport телеарнасы естіртті.

Журналист мамырдың басында инсульт алып, комаға түскен. Ол бұл кезде Ақтауда іс-сапармен жүрген.

"Журналист Диас Ахметшәріп инсульттің салдарынан комаға түсті. Науқастың миына қан құйылған, жағдайы өте ауыр, қазір реанимация бөлімінде жатыр", - деп мәлімдеді Маңғыстау облыстық аурухананың баспасөз қызметі сол кезде.

Диас Ахметшәріп еңбек жолын 1997 жылы Қазақ радиосының репортері болып бастаған.

  • Ұзақ жылдар "Хабар" агенттігі мен "Қазақстан" телеарнасында спорт журналисі;
  • "Қазспорт" мемлекеттік телеарнасының тұңғыш директоры, Insport телеарнасының бас редакторы;
  • 2003-2007 жж.- ҚР Спорт және туризм істері агенттігінің баспасөз қызметінің басшысы, баспасөз хатшысы;
  • 2010 - 2012 жж.– "Астана-СК" корпоративтік қорының қоғаммен байланыс департаментінің директоры (Спортты қолдау қоры);
  • 2012-2013 жж. - ҚР Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі төрағасының кеңесшісі;
  • Туризм және спорт министрінің қоғаммен байланыс және БАҚ жөніндегі кеңесшісі қызметтерін атқарған.

Олимпиада және Азия ойындарының, Әлем чемпионаттарының спорт шолушысы және ҚР құрамасының баспасөз атташесі болған.

Zakon.kz редакциясы марқұмның отбасы мен туыстарына қайғырып көңіл айтады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: