Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ-та дәрігерлер ана құрсағындағы баланың миына ота жасады

VOGM, ана құрсағындағы бала, нәресте, жүрек жеткіліксіздігі, инсульт, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.05.2023 10:14 Сурет: pixabay
Бостондық дәрігерлер Гален көктамырының (VOGM) деп аталатын диагноз қойылған туылмаған нәрестені емдей алды. Емдемеген жағдайда, бұл диагноз көп ұзамай инсульт пен жүрек жеткіліксіздігін тудыруы мүмкін еді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Дәрігерлер бұған дейін де жатырдағы балалардың миына операция жасаған, алайда бұл ем ана құрсағындағы балаға алғаш рет жүргізілді.

Бостон балалар ауруханасының докторы Даррен Орбах қазір баланың жағдайы жақсы екенін айтты.

"Алты аптада нәрестенің керемет дамып келе жатқанын, ешқандай дәрі ішпейтінін, қалыпты тамақтанып жатқанын, салмақ қосып, үйге оралғанын қуана хабарлаймыз. Миға жағымсыз әсер ету белгілері жоқ". Даррен Орбах

Жүктіліктің 34 аптасында жасалған ота кезінде дәрігерлер УДЗ технологиясын пайдаланған.

VOGM кезінде мидағы артериялар қанды капиллярларға емес, тікелей веналарға шығарады, ол жүректі толтырып, мидың зақымдануына әкеп соқтырады. Бұл аурумен туылған нәрестелер емделмеген жағдайда бірнеше күннен кейін шетінеп кетуі мүмкін.

Бұған дейін VOGM бала туылғаннан кейін емделетін, алайда бұл аралықта ми зақымданып үлгеретін.

Жаңа әдіс балаға VOGM әсер етпей жатып ем-шара қолдануға бағытталған.

Операция кезінде 10 медицина қызметкерінен құралған топ қанды кері қарай ағызу үшін ұзын инемен баланың миындағы тамырға дәрі құйған.

Доктор Орбахтың сөзінше, бұл тәсіл Гален көктамырының мальформациясы диагнозын емдеу парадигмасының бастауы болуы мүмкін.

"Кінәратты туғанға дейін түзеп, жүрек жеткіліксіздігінің алдын аламыз". Даррен Орбах

Дәрігер бұл әдіс мидың ұзақ мерзімді зақымдануы, мүгедектік немесе нәрестелер арасындағы өлім қаупін айтарлықтай төмендетуі мүмкін екенін атап өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: