Рим Папасының неден қайтыс болғаны белгілі болды

Рим Папасының неден қайтыс болғандығы белгілі болды , сурет - Zakon.kz жаңалық 22.04.2025 10:09 Сурет: wikimedia
Рим Папасы Франциск инсульт пен жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмған, деп хабарлайды Zakon.kz.

The Guardian дерегінше, 88 жастағы понтификтің өлімі туралы куәлікке Ватикан дәрігері Андреа Арканжели "Рим Папасы Франциск инсульттан және тұрақты жүрек жеткіліксіздігінен қайтыс болды", деп жазған.

Ватикан жариялаған сертификатта Папаның комаға түсіп, 21 сәуір, дүйсенбі күні таңертең қайтыс болғаны айтылған.

Бұған дейін Тоқаевтың Рим Папасының қазасына байланысты көңіл айтқандығы жайлы жазған болатынбыз. Сонымен қатар, Үндістанда қазаға байланысты үш күндік аза тұту жарияланғаны хабарланды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: