Жаңалықтар тізбегі
0

Ауыл балаларының мамандандырылған оқу орындарында білім алуына субсидия бөлу қажет – депутаттар

Ауыл балаларының мамандандырылған оқу орындарында білім алуына субсидия бөлу қажет – депутаттар, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2023 14:14 Сурет: primeminister.kz
Мәжіліс отырысында "Ауыл" ХДПП фракциясының депутаттары премьер-министрінің орынбасары Алтай Көлгіновке сауал жолдап, ауыл мектептеріндегі білім сапасын көтеруге қатысты ұсынысын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың сөзінше, қазір жаратылыстану-математикалық бағытта тереңдете оқытатын 90 лицейдің 8%-ы, қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша оқытатын 120 гимназияның 14%-ы ғана ауылдық елді мекендерде орналасқан. Депутаттар осы мәселеге қатысты негізді төрт ұсыныс айтты:

  1. Ауыл мектептерінің білім сапасын көтеріп, ондағы дарынды балалардың мамандандырылған оқу ұйымдарында білім алуына мүмкіндік туғызу үшін оларға тегін немесе бюджет тарапынан субсидияландырылған қосымша онлайн курстар ұйымдастыру қажет;
  2. Ауыл мектептері түлектерінің Назарбаев Университетіне немесе «Болашақ» халықаралық бағдарламасы аясында шетелдік ЖОО-ға қабылдауға дайындау үшін жекелеген пәндер бойынша тегін онлайн курстар ашу керек;
  3. Онлайн курстардың жақсы нәтиже беруі үшін аталмыш қызмет түрін еркін нарықтағы бәсекелестік ортаға беріп, мемлекет және жекеменшік әріптестігі жүйесі аясында жүзеге асырған дұрыс деп білемін;
  4. «Дипломмен ауылға», «Жастар тәжірибесі», «Жастардың кадрлық резерві» бағдарламаларының толыққанды жұмыс істемеуінің салдарынан ауылдарда білікті, тәжірибелі мамандар жоқтың қасы. Қазіргі уақытта кезек күттірмейтін осы бағдарламаларды қайта жаңғыртып, мемлекет тарапынан жаңа жобалар жасап, бөлінетін қаржының көлемін екі есеге ұлғайту керек.
"Бұған қоса дарынды балаларға арналған Республикалық, облыстық деңгейдегі мамандандарылған және дербес статусқа ие Назарбаев Зияткерлік мектептері бар. Аталмыш мектептер негізінен 5 және 7- сыныптарға дарынды оқушыларды емтихан тапсыру арқылы қабылдайды. Бұл мектептерге түсу үшін оқушының мектеп бағдарламасынан тыс материалдарды меңгеруі, тіпті кейбіріне түсу үшін белгілі деңгейде ағылшын тілін білуі шарт. Ал ауыл баласында ондай мүмкіндіктер жоқ", - делінген депутаттардың сауалында.

2020 жылғы пандемия кезінде ауыл мектептеріне интернет желісі жеткізілді. Министрліктің «Ұлттық білім беру деректер қоры» ақпараттық жүйесіне сәйкес ҚР бойынша 5274 ауылдық мектептің 5236-сы интернет желісіне қосылған. Халықаралық телекоммуникация одағының ұсыныстарына сәйкес келетін мектеп саны – 2013. ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің ақпаратына сәйкес 817 ауылдық мектепте интернет жылдамдығын арттыруға техникалық мүмкіндік бар.

Оқушыларға қосымша мүмкіндіктер ұсынатын онлайн платформалар пайда болды. Жекеменшік оқыту орталықтары жылдам икемделіп қосымша ақылы курстар ұсынды. Біздің зерттеуіміз бойынша, кейбір жеке меншік оқу орталықтарының платформалары бір сәтте 30 000 оқушыға дейін онлайн режимде сабақ өткізетін техникалық және әдістемелік мүмкіндіктері бар. Ендеше оқу нарығының өзі туғызған осы мүмкіндікті ауылдың білім беру саласын дамыту үшін кеңінен пайдалануға әбден болады. 

 Осы бастамаларды жүзеге асыру үшін «Ауыл» партиясы уәкілетті мемлекеттік органдармен, қызмет көрсетуші субьектілермен және оқушылар мен олардың ата аналарының өкілдерімен талқылап, сараптауға қажет ұйымдастыру іс-шараларын өткізуге дайын екенін мәлімдеді.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: