Жаңалықтар тізбегі
0

Отандық кино және қазақша дубляж: депутат қазақша жобаларға субсидия бөлуді ұсынды

Отандық кино және қазақша дубляж: депутат қазақша жобаларға субсидия бөлуді ұсынды, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.11.2023 16:50 Сурет: Zakon.kz
Мәжіліс депутаты Нұргүл Тау премьер-министрге сауал жолдап, киноиндустрия саласындағы шұғыл шешімдерді қажет ететін маңызды мәселелерді атап көрсетті, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Respublica" партиясының жанынан "Respublica алаңы" сарапшылар кеңесі құрылып, алғашқы отырысында отандық киноиндустрия төңірегіндегі өзекті мәселелер көтерілген болатын. Осы саланың білікті мамандары мен кәсіби сарапшылар тарапынан бірқатар ұсыныстар түсті. Киноиндустрия саласында шұғыл шешімдерді қажет ететін маңызды мәселелер бар:

Бірінші мәселе – кино саласында еңбек етіп жүрген адамдардың қауіпсіздігі және олардың әлеуметтік жағдайы. Өкінішке қарай, бүгінде, кино түсірілім алаңдарында адам өміріне қатысты қайғылы жағдайлар болған фактілер бар.

"Осы орайда, кино саласында қызмет етіп жүрген азаматтардың жағдайын жақсарту мақсатында сала мамандарына арналған өндірістегі жарақаттармен жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыруды, және әлеуметтік кепілдіктерді заңнамаға енгізу қажет екенін атап өтеміз". Депутат

Екіншіден, Қазақстанда кинотеатр тапшылығы байқалды. Ресми статистикаға жүгінсек, еліміздегі ірі қалаларды қоспағанда, бір облысқа орташа есеппен 4 кинотеатрдан келіп тұр. Біз бұл мәселе бойынша, тұрғылықты халық санын ескере отырып, кинотеатры жоқ аудандарда Үкіметтің ықпалымен және кәсіпкерлердің қолдауымен кинотеатрлар ашуды ұсынамыз.

Үшіншіден, отандық кино түсірушілер өздерінің фильмдерін үлкен экранда көрсетуге мүмкіндік алу үшін ірі американдық киностудиялардың өкілдеріне (Sulpak Cinema, Меломан) жүгінуге мәжбүр.

"Отандық кино түсірушілерді қолдау мақсатында барлық кинотеатрдың сеанстарында, оның ішінде прайм-тайм уақыттарында, Қазақстанда шағарылған киноларға арналған көрсетілім квотасын енгізуді ұсынамыз. Аталған квотаны Қазақстанның халықаралық міндеттемелерін және отандық фильмді көру үшін бастапқы уақытта сатылған билеттердің жалпы санын ескере отырып, енгізген жөн", - деді Нұргүл Тау.

Төртіншіден, кинонарық субъектілерінің "ашық" жұмыс істеуін қамтамасыз ету үшін кинотеатрлардың бірыңғай ақпараттық жүйесін құру және оны іске қосу ұсынылады.

Бесіншіден, елімізде "дубляж жасау" бойынша көп жағдайда кәсіби мамандар айналысып жүрген жоқ. Жалпы, бізде дубляж мамандары жоқтың қасы.

"Бұл мәселені шешу үшін "Қазақфильм" жанынан, толықтай жабдықталған, халықаралық стандарттарға сай және арнайы сертификаттары бар кәсіби дубляж студиясын ашуды ұсынамыз. Еліміздегі жоғары оқу орындарында "дубляж жасау" мамандығын ашып, осы бағыттағы дәрістер санын арттыру қажет деп санаймыз". Нұргүл Тау

Сонымен қатар депутат түйткілді мәселе ретінде отандық мультипликация саласына да тоқталды. Оның сөзінше, бүгінде үлкен экран арқылы жас буынның жаңа қаһармандары пайда болды.

"Қобыланды, Қабанбайларды білмейтін бала Человек паук, Бэтмендерді жетік білетін күнге жеттік. Алайда, өзге елдің "өгей батырлары" өз елдерінің құндылықтарын насихаттайтындығы анық. Сонымен қатар отандық мультипликация саласын қолдау мақсатында мемлекет тарапынан ұлттық құндылықтарды заманауи түрде жеткізетін мемлекеттік тілдегі жобаларға субсидиялар бөлуді ұсынамыз", - деді Нұргүл Тау.

Алтыншы мәселе. Ресми деректерге сай 2019 – 2022 жылдар аралығында Республикалық бюджеттен 17 млрд теңге көлемінде қаржыландырылған 83 қазақстандық фильм түсіріліп, олардың ішінде тек 18 фильм үлкен экранға шығарылған. Аталған фильмдер ұлттық кинопрокатта небәрі 695 млн теңге жинаған.

"Дегенмен қазір жеке тұлғалардың өз қаражаты есебінен түсірілген бір фильм кинопрокатта 1 млрд теңгеге жуық қаржы жинады. Бұл – қазіргі кинонарық заңдылығын көрсетеді. Сол себепті отандық фильмдердің мемлекет тарапынан 100% қаржыландырылуын қайта қарастыруды ұсынамыз. Біз қазақ киносына қамқорлық жасауға үндейміз!" - деп түйіндеді сөзін Нұргүл Тау.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: