Жаңалықтар тізбегі
0

Жамбыл облысында шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері 136,6 пайызға артты

Жамбыл облысы, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2023 16:17 Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов өңірлік кәсіпкерлер палатасының жанындағы іскер әйелдер кеңесінің отырысына қатысты.

«Қазақстанның дамуына әйел кәсіпкерлердің үлесі» тақырыбында өткен басқосу барысында аймақ басшысы нәзік жандылардың кәсіпкерліктегі, облыс экономикасының түрлі саласындағы үлесін атап өтіп, оларды қолдау шараларына тоқталды.

Жамбыл облысы, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2023 16:17

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

"Сіздер бастаған кәсіпкер азаматшалар өңір экономикасын дамытуға белсене атсалысып келесіздер. Оның айғағы ретінде үздік тауарлар байқауына қатысушы кәсіпкер қыз-келіншектердің санының артуын айтуға болады. Бұл тұрғыдағы жұмыстарды жалғастыру маңызды.

Өңірдегі әйел азаматшалар тарапынан кәсіпкерліктің өркендеуіне іскер әйелдер қауымдастығының атқарар рөлі ерекше. Қауымдастық мүшелері өздерін белсенді тұрғыда көрсетіп келеді.

Облысымызда жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілер саны 100 566 бірлікті құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 136,6 пайызға өскен. Жұмыс істеп тұрған субъектілердің жартысын іскер әйелдер басқаруда. Оның ішінде әйелдер басқаратын шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінде жұмыспен қамтылғандар саны 48 мың адамға тең, бұл жалпы жұмыспен қамтылғандардың 30 пайызы", – деді Нұржан Нұржігітов.

Жамбыл облысы, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2023 16:17

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Өз кезегінде облыстық мәслихат депутаты, облыстық іскер әйелдер кеңесінің төрайымы Айгүл Ақшалова кәсіпкерлер палатасы жанынан құрылған әйелдер кәсіпкерлігін дамыту орталығының жұмыс қорытындысы туралы баяндады. Ол 544 қыз-келіншектің бизнес жүргізуге қатысты кеңес алғанын, 10 компания бизнесті дамыту стратегиясын әзірлеу бойынша бағалаудан өткенін, 449 әйел арнайы шеберлік-сағаттарынан, тренинг пен бейіндік оқытулардан өткенін және өзге жұмыс нәтижелеріне тоқталды.

Жамбыл облысы, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2023 16:17

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Айта кету керек, «2021-2025 жылдарға арналған кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы» бағдарламасы аясында қаржылай қолдаудың барлық құралдары бойынша 9207 жоба жүзеге асырылуда. Өткен жылы 44,3 млрд. теңгеге 4143 жоба қаржыландырылған. Бүгінгі таңда мемлекеттен көмек алған кәсіпкер әйелдер саны 5156-ға жетті.

Сондай-ақ, басқосу барысында «Өшпес мұра» қолөнершілер қауымдастығының өкілі Гүлнәр Абдуллаева өңірде қолөнершілікті дамыту, грант бөлу, қолөнершілерді тіркеу, іс-шараларды өткізуге көмек көрсету, оқушыларға шеберлік сыныптарын өткізу секілді мәселелер мен ұсыныстарын жеткізді.

Ал «Айна-Line» ұтымды өнеркәсіп қауымдасытығының төрайымы Гүлсім Елешова өзі тұратын аумақта орналасқан «Көктал-2» каналына қатысты мәселе көтерді.

Кездесуде бұдан да өзге жастардың кәсіп бастауына, мемлекеттік гранттардың тиімді әрі нәтижелі игерілуіне, облыстағы имидждік жобаларды насихаттауға, туризмді дамыту мен қосымша білім беруге байланысты бірнеше ұсыныс, пікірлер айтылды.

Жамбыл облысы, шағын және орта кәсіпкерлік субъектілері, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.04.2023 16:17

Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

Облыс әкімі барлық ой-ұсыныстар ескерілетінін баса айтып, бірқатар мәселелер хаттамаға енгізілді.

Аймақ басшысы тиісті тұлғаларға аймақта әлеуметтік кәсіпкерлікті дамыту ісін жетілдіре түсу қажеттігін, ауылдық аймақтарда мемлекеттік бағдарламалардың пайдасын, өзге де көмек түрлерін алу жолдарын түсіндіру жұмыстарын күшейтуді тапсырды.

Сонымен қатар, Нұржан Нұржігітов кәсібін жаңа бастаған әйелдерге ұйымдастырушылық, әдістемелік, консультациялық және ақпараттық көмек көрсету, әлеуетті бизнес-идеяларды, жобаларды қолдау, іскер әйелдер арасындағы байланыстарды нығайту, өңірдегі іскер азаматшалардың беделін танытып, оң имиджін қалыптастыру бағытындағы шараларды күшейту қажеттігін атап өтті. Жауаптыларды осы бағыттағы жұмыстарды үйлестіріп, бірлесе еңбек етуге шақырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: