Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов әскери қызметкерлерді мерекесімен құттықтады
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
7 мамыр - Отан қорғаушылар күніне орай Таразда салтанатты жиын өтті. "Баласағұн" орталық концерт залындағы шараға көпшілікпен бірге Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов пен "Оңтүстік" өңірлік әскерлері қолбасшысы, генерал-майор Мереке Көшекбаев қатысты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Аймақ басшысы өз сөзінде Отан қорғаушылар күні – ел әскерінің қуаты мен айбынын айғақтайтын мереке, еліміздің тыныштығын қорғап жүрген ерлерімізді ұлықтайтын күн екендігін атап өтті.
"Елде тыныштық болса, береке мен бірлік орнайды. Халық алаңсыз еңбек етіп, тыныш өмір сүреді. Бейбіт елдің экономикасы өркендейді. Сондықтан, кез келген мемлекет өз Қарулы Күштерінің қуатты болғанын қалайды. Бүгінде Тәуелсіздік күзетінде тұрған Қазақстанның Қарулы Күштерінің айбары артып, қуатты күшке айналды. Олардың қатарында біздің өңірдегі 26 әскери бөлімнен тұратын, 10 мыңға жуық әскери қызметкерлер де бар. "Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы, Ұлттық ұлан және шекара қызметтері сияқты әскери бөлімдер ел тыныштығын қамтамасыз етуде". Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітов
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Әкімнің айтуынша, жаужүрек жауынгерлеріміз бен сарбаздарымыз әуеде, жерде, теңізде ел тыныштығын кірпік қақпай күзетуде.
"Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бағынған құл болмайды" деген қаһарман Бауыржан Момышұлының рухты сөзін өмірлік ұстанымына айналдырған сарбаздар қашан да ел мақтанышы болып қала береді. Еліміздің бейбітшілігі мен жарқын болашағы үшін атқарып жатқан игі істеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық тілеймін", - деді Нұржан Нұржігітов.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Өз кезегінде генерал-майор Мереке Көшекбаев та өзінің ізгі лебізін жеткізді.
Салтанатты жиында аймақ басшысы бірқатар әскерилерді "Облысқа сіңірген еңбегі үшін", Құрмет грамотасы және Алғыс хатпен марапаттады.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Мерекелік шара концерттік бағдарламаға ұласты.
Сурет: Жамбыл облысы әкімдігінің баспасөз қызметі
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript