Қорғаныс министрінің орынбасары Астанадағы жаңа жинау пунктінің дайындығын тексерді

Қорғаныс министрлігі Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі


Әскери нысан инспекциясына министрдің орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов, Астана қаласы әкімінің орынбасары Ерлан Бекмұрзаев, Қорғаныс министрлігі құрылымдық бөлімшелерінің, елорда әкімдігінің, №3 қалалық емхананың басшылығы қатысты.

Комиссия мүшелері елордалық Қорғаныс істері жөніндегі департаментіндегі жинау пунктінің запастағы азаматтарды оқу-жаттығу жиындарға әскери қызметке шақыруға және белгіленген жерге әскерге шақырылушыларды жіберуге байланысты іс-шараларды өткізуге дайындығын тексерді. 

Сондай-ақ, олар жұмыс істеуге жасалған жағдаймен танысып, медициналық кабинеттерді, асхананы және әскерге баратындар жиналатын орындарды қарап шықты.

Қорғаныс министрлігі

Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Республика даңғылы 54 мекенжайындағы алты қабатты ғимаратта әскерге шақырылушыларға арналған казарма, тамақтану пункті, процедуралық, функционалдық диагностика және талдау алу үш кабинеті орналасқан. Жинау пункті дәрігерлермен, қажетті медициналық жарақтармен және құралдармен толық жабдықталған. 

Қорғаныс министрлігі

Сурет: Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

Кездесу соңында Қорғаныс министрінің орынбасары азаматтарды мерзімді әскери қызметке шақыруды, жергілікті әскери басқару органдарының консультативтік-түсіндіру және ақпараттық қызметін ұйымдастыру жөнінде бірқатар тапсырмалар берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз