Жаңалықтар тізбегі
0

Жылыту кезеңіне дайындық: Қорғаныс министрінің орынбасары әскери нысандарды тексерді

Мұхамеджан Таласов, жылыту маусымы, әскери нысандар, тексеріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2023 18:23 Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі
Қорғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Мұхамеджан Таласов әскери бөлімдер мен мекемелердің 2023-2024 жылғы жылыту кезеңіне дайындық барысын, ағымдағы және күрделі жөндеулерді іске асыру, модульдік ғимараттар салу барысын тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Құзырлы ведомство баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгінгі таңда Алматы, Жетіген, Қонаев және Гвардейск гарнизондарында алдағы жылыту маусымына дайындық жұмыстары 42 қазандықта аяқталуға жақын.


Қорғаныс министрінің орынбасары, әскери нысандар, тексеріс, жылу беру маусымы, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2023 18:23

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі


Қазандықтардың жылыту жүйелеріне гидравликалық нығыздау жүргізілді. Апаттық жылу желілері ауыстырылды. Қыздыру қазандықтарына дефектоскопия жасалып, қажетті тетіктер жаңартылды. Жанар жағар майдың 70 пайызы қоймаларға жеткізілді. Қалған отынды жеткізу кесте бойынша жылыту кезеңі басталғанға дейін аяқталмақ. Жергілікті жерлердегі қазандық операторларына тиісті нұсқаулар берілді. Жалпы алғанда, жоғарыда аталған гарнизондардың алдағы жылыту маусымына дайындығы 95% құрайды.

Әскери бөлімдер мен мекемелердің 108 нысанына ағымдағы жөндеу жүргізілуде. Оның жиырмасында қазірдің өзінде жөндеу жұмыстары аяқталды. Қалған нысандарға да қажетті материалдар жеткізіліп, жөндеу жұмыстары кестеге сәйкес жалғасуда.


Мұхамеджан Таласов, жылыту маусымы, әскери нысандар, тексеріс, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.09.2023 18:23

Сурет: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі


Алматыдағы Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институтының оқу орталығында орналасқан Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің кіші мамандары мектебінде казарма, штаб және оқу корпусы, сондай-ақ Қонаев гарнизонындағы 64192 әскери бөлімінің медициналық мүлікті сақтауға арналған қоймалары уақтысынан бұрын пайдалануға берілді.


"Биылғы жылы Қорғаныс министрлігі 99 модульдік ғимаратты монтаждауды жоспарлап отыр. Жылдың соңына дейін оларды тапсыру мен пайдалануға қабылдау жүзеге асырылатын болады. Бұл мерзімді қызметтегі жеке құрамға арналған заманауи модульдік казармалар, штабтар, жеке құрамды дайындауға арналған сыныптар және асханалар. Осы және басқа да нысандар қажетті жиһазбен және мүкәммалмен жабдықталады. Сондай-ақ осы аптада Гвардейск гарнизонында 21742 әскери бөлімінің модульдік штабы пайдалануға берілді. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады", делінген ведомство хабарламасында.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: