Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев Екібастұздағы алдағы жылыту маусымына дайындық барысын тексерді

Павлодар облысы, ҚР президенті, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2023 13:27 Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 тамыз күні Павлодар облысына жасаған жұмыс сапары барысында орамішілік және магистральдық желілердің алдағы жылыту маусымына дайындық барысын тексерді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Павлодар облысының әкімі Асайын Байхановтың айтуы бойынша, бүгінде магистральдық және орамішілік желілерге жүргізілген гидравликалық сынақтар нәтижесінде анықталған 304 ақау жойылып, 62 шақырым құбыр мен 95 дана бекіту арматурасының 76-сы ауыстырылды, деп мәлімдеді Ақорданың баспасөз қызметі.

Павлодар облысы, ҚР президенті, жылыту маусымына дайындық, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2023 13:27

Сурет: akorda.kz

Сондай-ақ үкімет резервінен бөлінген қаражат есебінен 5,4 шақырым жылу магистралі жаңартылып жатыр.

Павлодар облысы, ҚР президенті, ЖЭО, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.08.2023 13:27

Сурет: akorda.kz

Жалпы, облыс әкімдігінің мәліметі бойынша, Екібастұздағы апатты жағдайлардың алдын алу үшін екі жобаны іске асыру аса қажет.

  • Бірінші жоба – Екібастұз ЖЭО-на техникалық судың үздіксіз берілуін қамтамасыз ететін магистральдық құбыр құрылысы.
  • Екіншісі – жаңа жылу магистралінің құрылысы. Бұл қаланың төрт шағын ауданындағы жылу жүйесінің теңгерімділігін қамтамасыз етіп, 9 мыңнан астам қала тұрғынын жылумен қамтамасыз ету параметрлерін айтарлықтай жақсартады.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Павлодар облысына жұмыс сапары барысында Екібастұздағы жылу электр орталығында жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарымен танысты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: