Тағы бір алтын: Асланбек Шымбергенов өзбекстандық боксшыны жеңді
Сурет: instagram.com/boxingkazakhstan/
Өзбекстандағы бокстан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының қоржынына үшінші алтын жүлде түсті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Қазақстандық боксшы, ұлттық құрама капитаны Асланбек Шымбергенов Ташкенттегі әлем чемпионатының финалында 71 келі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Саиджамшид Жафаровты жеңді.
Төрешілер жеңісті бірауыздан Асланбек Шымбергеновке берді.
Алдыңғы жекпе-жектерде Асланбек Үндістан, Франция, Израиль, Тринидад және Тобаго боксшысынан басым түскен.
Еске салайық, мұның алдында қазақстандық боксшы Махмұд Сабырхан Ташкенттегі әлем чемпионатының финалында 54 келі салмақ дәрежесінде өзбекстандық Ойбек Жураевты жеңіп, әлем чемпионы атанған еді.
Кеше, 14 мамырда Санжар Тәшкенбай (48 келі) алғашқы "алтынды" алған еді. Тағы бір қазақстандық боксшы Дулат Бекбауов (67 келі) "күміс" иеленді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript