Жаңалықтар тізбегі
0

Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханада мерекелік іс-шара өтті

Іс-шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 19:05 Сурет: Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана
Орал қаласында Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында "Ұлағатты отбасы - ұлт құндылығы" атты халықаралық отбасы күніне арналған мерекелік іс-шара өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Отбасылық оқу жобасы аясында өткен шараға облыстық кітапхананың тұрақты оқырмандары, мектеп оқушылары, балабақша тәрбиеленушілері қатысты.


Халықаралық отбасы күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 19:05

Сурет: Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана


Отбасымен бірге кітап оқитын оқырмандарды кітапханаға тарту, кітап оқуды насихаттауды мақсат еткен іс-шарада оқырмандар басқа қырынан танылып, ән салып, өнер көрсетті. Кітапханада қазіргі күнде 600-ге жуық отбасылық оқырман бар.


Халықаралық отбасы күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 19:05

Сурет: Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана


Мерекелік шарада  кітапхананың  байырғы оқырмандарының бірі Ермек Жұмағалиев кітаптың құндылығы туралы айтып, жас ұрпақты кітап оқуға шақырды. №44 мектеп-гимназиясының  оқушылары сахналаған "Ақылды балапан" ертегісі оқырмандарға әдемі әсер қалдырды. Кітапхананың кішкентай қонағы Ерқазақ Ермектің орындауындағы "Әжемнің шайы" әні  жиылғандарға жылы шуақ сыйлады.  


Халықаралық отбасы күні, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 19:05

Сурет: Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана


Оқырмандар өнер көрсеткен әсерлі іс-шараны кітапхана директорының орынбасары Нұрлыгүл Сағынова қорытындылап, кітап оқитын оқырмандар қатары арта беретіндігіне сенім білдірді.


Іс-шара, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.05.2023 19:05

Сурет: Жұбан Молдағалиев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: