Жаңалықтар тізбегі
0

Ұлттық кітапханада "Қазақ әдебиеті" газетінің 90 жылдығына арналған мерекелік іс-шара өтті

Қазақ әдебиеті газеті, мерейтой, Ұлттық кітапхана, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2024 19:39 Сурет: Facebook/Қазақ әдебиеті газеті
2024 жылы 5 наурызда Ұлттық кітапханада республикалық "Қазақ әдебиеті" газетінің 90 жылдығына арналған "Ұлттың әдеби айнасы" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараның мақсаты – "Қазақ әдебиеті" газетінің мерейтойын атап өту,  тарихы мен бүгінгі даму үрдісін саралау, ұлттық әдебиеттің дамуына қосқан үлесін, оқырман мен газет арасындағы байланысты талқылау.

Іс-шара аясында  республикалық "Қазақ әдебиеті" газетінің 1934 жылдан бастап, әр жылдары жарық көрген сандарынан  3 бөлімнен (1934-1940, 1955-1990, 1991-2024) тұратын көрме ұйымдастырылды. Кітапхананың жас мамандары Ертай Біләл, Сымбат Әбдірәлі және Қанат Алтынбек көрмеге шолу жасап, қатысушыларға  таныстырды.  

"1972 жылы "Қазақ әдебиетіне" Сырбай Мәуленов ағамыз мені жұмысқа шақырды. "Бұл - қазақ әдебиетінің қайнап жатқан қазаны. Сондықтан мұнда жұмыс істеу оңай емес, айналайын" деп батасын беріп, қызметке алған еді. Сол Сырағаңмен жұмыс істеген адамдар ішінде қазір екі-ақ адам қалыппыз: бірі - Сәбит Досанов, екіншісі - мен. Сырағаңның ерекшелігі, ол кісі ақын ғой, тақырып қоюға келгенде шебер еді. Иә, ол кісі жұрттың ықыласына бөленетіндей, назарын аударатындай етіп тақырыптарды ойнатып қоюшы еді. Сол секілді Сырағаң өткізген әрбір "летучка" керемет болушы еді...". "Айбоз" сыйлығының лауреаты, әдебиет сыншысы Бекен Ыбырайым

Арнайы шара барысында белгілі фототілші Сайлау Пернебайдың фото-топтамасынан ақын-жазушылар мен белгілі тұлғалар бейнеленген фото көрме ұйымдастырылды.

Мерекелік іс-шара "Қазақ әдебиеті" газетінің бұрынғы ардагер-редакторлары мен ақын-жазушылардың қызыл кілем үстінде салтанатты шеруімен басталып, кітапхана директоры Бақытжамал  Қайырбекқызы Оспанованың құттықтау сөзімен ашылды. 

Іс-шараны модератор – Қазақстан Жазушылар одағының төрағасының орынбасары, жазушы Нұржан Қуантайұлы жүргізді.  Дөңгелек үстел алдында газеттің тарихы мен бүгініне арналған бейне-ролик көрсетіліп, кітапхананың жас мамандары газет бетінде жарияланған өлеңдерден үзінділер оқыды.

Шараға Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының төрағасы Мереке Құлкенов, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып, Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының басшысы Айдар Есенбеков, ақын жазушылар: Ұлықбек Есдәулет, Жүсіпбек Қорғасбек,  Дәурен Қуат, Нұрдәулет Ақыш, Иран-Ғайып, Болат Шарахымбай, Қайыммұнар Тәбеев, Баян Бекетова, Сәуле Досжанова, сыншы Әлия Бөпежанова қатысып, сөз сөйледі. Әншілер Нұржан Жанпейісов пен Сағат Әлдекенов, күйші Саян Ақмолда өнер көрсетті.

"Қазақ әдебиеті" газеті - "Қазақ" газетінен, "Егемен Қазақстан" газеттерінен кейінгі зиялы қауымның ойын, елдің діттеген мақсатын көпшілікке жеткізіп отырған басылым. Әрбір редактордың өзіндік қолтаңбасы болады... 2018 жылдан кейін Дәурен Қуат келді осы басылымға. Содан бері онымен бірге жұмыс істеп келе жатырмыз. Мен хатшылық құрамдамын. Айтайын дегенім, Дәурен жастарға көңіл бөліп, соларға жол ашты. Қазақтың жас әдебиетін өркендетуге көңіл бөліп, "Жас тұлпар" деген қосымша шығарды. Одан бөлек, аударма саласына көбірек ден қойып, біраз аудармашыларды тапты. Газет өз бағытында жақсы дамып келеді...". Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Бауыржан Жақып

          

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: