Тұманбай Молдағалиевтың 90 жылдығына арналған әдеби-музыкалық кеш өтті

Әдеби кеш, Тұманбай Молдағалиев, 90 жылдығы , сурет - Zakon.kz жаңалық 13.03.2025 21:39 Сурет: ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Ұлттық кітапханада Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, І дәрежелі "Достық", "Парасат" ордендерінің иегері Тұманбай Молдағалиевтың 90 жылдық мерейтойына арналған "Жүрегі жырдан жаралған" атты әдеби-музыкалық кеш өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Іс-шараның мақсаты – ақынның шығармашылығын насихаттау, әдеби мұрасына құрмет көрсету және оның өлеңдеріне деген жастардың сүйіспеншілігін арттыру.

Мәдениет және ақпарат министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, кеш барысында ғалымдар, әдебиеттанушылар, жазушылар мен ақындар Тұманбай Молдағалиевтың қазақ поэзиясына қосқан үлесі жайында ой бөлісіп, арнау өлеңдерін оқыды.

Жиын аясында кітапхана қорынан "Тұманбай жыры – өшпес мұра" атты кітап көрмесі ұйымдастырылып, ақынның шығармалары, естеліктері, әндер жинағы мен фотосуреттері қойылды. Сондай-ақ қазақ эстрадасының танымал өнерпаздары ақын сөзіне жазылған әндерді орындады.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: