Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті

Қазақтың көрнекті ақыны Темірхан Медетбек өмірден өтті, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.05.2025 09:09 Сурет: Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі
Қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері Темірхан Медетбек өмірден өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрлігі қазақтың көрнекті ақыны, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның халық жазушысы, "Құрмет" және "Парасат" ордендерінің иегері Темірхан Медетбектің өмірден өтуіне байланысты қайғыра көңіл айтады.

Темірхан Медетбек — өз заманының азаматтық үнін жеткізген, ұлттық болмыс пен тарихи жадының жарқын жыршысы бола білген үлкен жүректі ақын еді. Оның поэзиясы елдік пен ерлік рухын биікке көтеріп, ар мен намыс, ел мен жер туралы өршіл ой-толғамдарымен ұрпақ санасына терең сіңді. 

Ақын тәуелсіздік жылдарындағы әдебиеттің дамуына өлшеусіз үлес қосып, сын мен публицистика саласында да өрелі ой, өткір пікір айтып, сөз өнерінің биігінен көріне білді.  

Ұлттық мәдениеттің дамуына сүбелі үлес қосқан ақынның жарқын бейнесі, ұлтқа сіңірген еңбегі мен рухани мұрасы халқының жадында мәңгі сақталады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: